"Суретші қыс"

               Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

                                 2-ші сәбилер тобына арналған

Білім саласы:  Қатынас

Тарауы:  Көркем әдебиет          

Тақырыбы: «Суретші қыс» К.Нүсіпов  

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Әңгімелесу арқылы баланың байланыстырып сөйлесу қабілетін дамыту.Өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айта білуге жаттықтыру.Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: қыс мезгілінің суреттері.

Билингвальді компонент: қыс –зима,суретші-художница

Тәрбиеші:  Шарипова Г.К

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

  іс-әрекеті

Мақсатты –

  түрткі

 болғыш

Жұмбақ

Шанамен зырғып желетін

Шаңғы, коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

 

 

 

 

-қыс мезгілі

Іздестіру-

ұйымдастыру

Әңгімелесу. (суреттер көрсету)

Қыста күн суық, ызғарлы, аязды болады.

Қар жауады. Қардан аққала жасаймыз.

Аязды күндері біздің терезелерімізге аяз

сурет салады.Оны қырау дейді.Қыс мезгілі суық болса да, өте көңілді.

Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз 

Шапалақ біз  соғамыз                                                                                                                       Сарт-сарт-сарт

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топылдатып басамыз

Топ-топ-топ,

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Шанамен зулаймыз

Зу-зу-зу,

 

Балалар бүгін біз К.Нүсіпбеков ағамыздың «Суретші қыс» деген өлеңімен танысамыз. 

Қонақтайды бақтарға

Ақ көбелек, ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға

Балалар жүр мақтанып.

Тазарып бар кір, шаңнан,

Қыс өнерін бастады

Терезеге қыраудан

Сурет салып тастады.

(Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу.)

Ойын: «Шырша, қоян, бүр»

Мақсаты: белгі бойынша қимылдар жасап, көңілдерін көтеру.

Шырша-қолдарын созады

Қоян-секіреді

Бүр-отырады

Әңгімені тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Қимылмен көрсетеді:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен көрсетеді

 

Рефлексті-

дәлелдеу

Қорытынды:

-қыста күн қандай болады?

-қардан балалар не жасайды?

-терезеге суретті не салады?

Балалар жауап береді

 

                                              Күтілетін нәтиже

Нені біледі: Өлеңді жатқа айта білуге жаттықты. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен танысты.

Қандай түсініктерді игерді: Қыс мезгілі өте суық мезгіл екенін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өлең мазмұнын түсіне отырып, қыс мезгілінің табиғат құбылыстарын меңгерді.

 

 

Автор: Г.К.Шарипова
Просмотров: 4543
Дата создания: 28 Января 2015 г.
Дата редактирования: 28 Января 2015 г.