Мұғалімдерге

Рассмотренных обращений: 7
Не рассмотренных обращений: 0

Баяндама: "Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы "
Автор: Шарипова Г.К.

ХХІ ғасырдың көшбасшысы




                Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

                                 Ересектер тобына арналған

Білімдік салалар: Таным

Тараулар: Экология

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты: құстар туралы білімдерін кеңейту.

Білімділік: Қазақстанда мекендейтін жыл құстары және қыстап қалатын құстардың аттары,айырмашылығы,тіршілігі жайында танып білу.

Дамытушылық: сөздік қорларын молайту,танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: табиғатқа, құстарға деген сүйіспеншілік сезімін арттыра отырып, мемлекетіміздің табиғатын, құстарын қорғауға, қадірлеуге баулу.Адамгершілік, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілік: құстардың суреті,бейнемагнитофон,экологиялық белгілер суреті,

топ белгілері.

Алдын ала жұмыс: құстар туралы әңгімелер,ертегілер оқылды,тақпақ,мақал-мәтел

дер,тиым сөздер, болжамдар,өлеңдер жатталды,шығармашылық жұмыстар жасалды

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

  іс-әрекеті

 

Мақсатты –

  түрткі

 болғыш

Күзде кетіп,                 Қиқулап келіп,

Көктемде жеткен.       Қиқулап кеткен.

                                      Ол не?  

-құстар

 

Іздестіру-

ұйымдастыру

-Дұрыс балалар бұл құстар. 1сәуір Дүние жүзілік құстар күні.Бүгін біз құстар

күніне арналған экологиялық сайыс сабақ өткіземіз.Сабақ теледидарда көрсететін

«21 ғасыр көшбасшысы»-деген ойынның желісі бойынша құралған.

Ойын 4 сайыстан тұрады:

1 сайыс «Бәйге»

(сұрақтарға жауап береді)

2сайыс «Тілашар»

(жұмбақ шешіп, жауабын 3 тілде айту)

3сайыс «Жүзден жүйрік»

(құстарға схема бойынша сипаттама беру)

4сайыс «Жорға»

(Неге?- деген сұрақтарға жауап береді)

 үші 2 топ құрап топ басшыларын сайлайық

1топ «Қарлығаштар»              

 2топ «Сұңқарлар»

 1сайыс «Бәйге»

(сұрақтарға жауап береді, әр топқа 8 сұрақ қойылады, дұрыс жауапқа 1 ұпай оны компьютер есептеп тұрады,неше ұпай жинағандарыңды сайыс соңында естисіңдер)

1 Ең алғаш жылы жақтан ұшып келетін құс?    

2 Басқа құстардың дауысын келтіре білетін құс?

3 Қыстың күні балапан шығаратын құс? 

4 Ұя жасамайтын құс?

5 «Таң атты»-деп оятатын құс?

6 Ең биікке ұшатын құс?

7 Құйрығы ұзын құс?

8 Хат таситын құс?

 

1 «Орман дәрігері»- деп қай құсты атайды?

2 Қай құсты аң аулауға пайдаланады?

3 Өз атын өзі айтатын құс?

4 Тез жүгіре білетін құс?

5 Күндіз ұйықтайды, түнде аң аулауға шығады?

6 Әсем ән салатын құс?

7 Ұшу білмейтін құстар?

8«Бейбітшілік құсы»- деп қай құсты айтамыз

Ойын: «Қайсы құс артық?»

Шарты:

Қарлығаш, қараторғай, бозторғай, тоқылдақ- қыстап қалатын құс

Торғай ,қарға, көгершін, аққу-жыл құсы

Тырна, сауысқан, суықторғай,тауық- үй құсы

Ләйлек, тырна, құтан, бірқазан – су құсы

2.«Тілашар»

(жұмбақ шешіп, жауабын 3 тілде айту)

1.Құйқылжытып дала күйін, үй ішіне салады үйін.                 

                                                                                                              

 

2.Тұмсығы қашау, кәсібі-ұя жасау

Ағашты қорғап, зиянкестерді асау.    

 

3.Күндіз соқыр не деген?

   Түнде қандай көреген.       

 

 4. Орыннан орынға ауысқан

Ұшқалақ қара ала....       

 

 5.Шабақ  аңдып  жағада

    Шарқ  ұрады....                 

 

1.Туымыздан күн қарап

   Күлімдейді әлемге

   Күн астында қандай құс,

   Қанат қаққан бар елге

 

2.Орақ құйрық, тарақ бас

 Көп ұйқыны жаратпас       

 

3.Қайталап атымды,

   Көктемде ән салам

   Кезкелген ұяға

   Жұмыртқа табамын          

 

4.Көктемнің ол жаршысы

   Бұрыш жасап ұшады

   Ол қай құс?                          

 

5.Мойыны сұрақ белгісі,

   Бұл қандай көл құсы?             

Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты»

Ұшты-ұшты, сүңқар ұшты! 

Ұшты-ұшты, тұлпар ұшты!           

Ұшты-ұшты, қарға ұшты!               

Ұшты-ұшты, арба ұшты!                

Ұшты-ұшты үйрек ұшты!               

Ұшты-ұшты,бүйрек ұшты!             

Ұшты-ұшты, қыран ұшты!              

Ұшты-ұшты, жылан ұшты!               

 Ұшты-ұшты, қызғыш ұшты!

Ұшты-ұшты сызғыш ұшты!

Ұшты-ұшты ұзақ ұшты!

Ұшты-ұшты тұзақ ұшты!

Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты!

Ұшты-ұшты қарындаш ұшты!

Ұшты-ұшты бүркіт ұшты!

Ұшты ұшты іркіт ұшты!

3 «Жүзден  жүйрік» (құстарға схема бойынша сипаттама беру)

Қараторғай

Түсі: қара

Көлемі: торғайдан сәл үлкендеу

Ұясы:  адамдар жасаған үйшіктерге, ағаш қуыстарына, таулы, тастардың арасына салады.

Жейтін қорегі: маса,құрт,шіркей, жауын құрты.

Жыл құсы.

Ерекшелігі: басқа құстардың дауысын келтіре алады.

Тырна

Түсі: сұр

Көлемі: ірі, кең қанатты, мойыны,аяғы, тұмсығы ұзын

Ұясы:  қамыстардың арасына,батпақты жерге салады

Жейтін қорегі: батпақты жерде өсетін шөптер, жемістер,бақа, қоңыз,құрт.

Жыл құсы.

Ерекшелігі: балапандары біреу болады, екі балапан шықса олар төбелесіп, қайсысы жықса сол тірі қалады.

Қарлығаш

Түсі: бауыры ақ, қалған жері қара

Көлемі: кіші,қанаты сүйір, құйрығы айыр.

Ұясы:  саз -балшықтан қалап, сілекейімен сулап салады.

Жейтін қорегі: шыбын, маса, шіркейлер.

Жыл құсы.

Ерекшелігі: адамдарға өте жақын,үйдің ішіне ұясын салады.

Тоқылдақ

Түсі: шұбар

Көлемі: торғайдан ірі, өте жылдам қимылдайтын,еңбекқор құс.

Ұясы: ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды, түскен үгінді ұясының астына жұмсақ болу үшін төсейді.

Жейтін қорегі: ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді

Қыстап қалатын құс

Ерекшелігі: Бұл құсты «орман дәрігері»-деп

атайды.

Сауысқан

Түсі: қара ала

Көлемі: торғайдан ірі, ұзын құйрықты құс

Ұясы:  ағаштың басына, бұтақ,шірпілерден  жасайды.

Жейтін қорегі:  басқа құстардың жұмыртқаларын, балапандарын ұрлап жейді.

Қыстап қалатын құс

Ерекшелігі: жылтыр, әшекей заттарға әуес.Ұясынан алтын сақинаны,жылтыр әйнектерді, күміс тиындарды кездестіруге болады.

Бүркіт

Түсі: қоңыр

Көлемі: ірі,жыртқыш құс

Ұясы: биік жартастарға салады, бұтақтардан тоқып салады

Жейтін қорегі: құстар, қоян, түлкі,тышқан.

Қыстап қалатын құс

Ерекшелігі: Қазақстанда бүркітті өте жоғары бағалайды.Бүркітті аң аулауға пайдаланады.

Ойын  «Қай құстың дауысы?»

(Әнтаспа жүргізу)

4 Жорға(Топ басшыларына тапсырма,  неге?- деген сұраққа жауап береді)

1.Неге құстар жылы жаққа ұшып кетеді?

2.Неге қанқыз қоңызды құстар жемейді?

3.Неге түйеқұс басын құмға тығады?

 

1.Неге кейбір құстар құмырсқаның илеуіне келіп отырады ?

2.Неге кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетпейді?

3. Неге кейбір құстардың түрлері қызыл кітапқа енгізілген.?

 

 

 

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-ұзақ

- қараторғай

 

-қайшыауыз

- көкек

- әтеш

- бүркіт

- сауысқан

- көгершін

 

- тоқылдақ

- бүркіт

- көкек

- түйеқұс

- жапалақ

 

- бұлбұл

пингвин,түйеқұс

-көгершін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-қарлығаш

-ласточка

- сволоу                                                                                             

 

-тоқылдақ

-дятел-вудпэкэ

 

-жапалақ-сова-аул

 

-сауысқан-сорока-мэгпай

 

-шағала- чайка-сигал

 

 

 

-қыран- орел-игл

 

 

әтеш – петух-кок

 

 

 

 көкек – кукушка-куку

 

 

 

тырна-журавль-

крэйн

 

аққу – лебедь

-свон

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-(Өйткені жейтін қоректері азаяды,

суыққа шыдай алмайды) (Өйткені ол сасық иіс шығарады)

-(Денесіндегі құрттардан арылу үшін, бірінші басын тығады, сосын денесіне құм шашып тазалайды)

-(Денесіндегі құрттардан арылу үшін,құмырсқалар сасық иісті сұйықтықты

шашады)

-(Өйткені олар қыстың аяздарына төзімді, қоректері жеткілікті.)

-(Өйткені ол құстардың түрлері жойылып бара жатқасын,оларды қорғауға алады)

Рефлексті-

дәлелдеу

Қорытынды:

-Балалар құстар туралы көп білетінімізді айтып жатырмыз, құстар табиғаттың бір бөлігі,ал егер құстар болмаса табиғатта қандай өзгерістер болар еді.

-Сондай қиындықтар болмас үшін, әр топ  мынандай экологиялық белгілер дайындап,орманға іліп қоямыз дейді

- Қай топ көп ұпай жинаса,

 сол топ жеңгені болады.

 Еліміздің болашағы –білімді ұрпағында.

Сендер 21 ғасырдың көшбасшысы

болуға лайықтысыңдар.Білім аспанында құстарша шарықтап ұшыңдар.Білімге талпынған қанаттарың ешқашан талмасын.   Елімізде тыныштық болып,бейбітшіліктің ақ құсы аспанда шарласын!

(Бейбітшіліктің ақ құсын келген қонақтарға тарату)

Ән: «Торғайлар келіңдер»

 

 

 

-(Бізді құрт,

құмырсқалар басып кетер еді, олар бүкіл өсімдіктерді жеп, адамдар мен жануарларға қиындық тудырар еді.)

Қарлығаштар  тобы: «Бұлай жасауға болмайды» деген белгілер дайындапты.

(құстың үясын бұзбаймыз,орманда қатты шулауға болмайды,құстарға тас лақтыруға болмайды,орманда от жағуға болмайды)

Сұңқарлар тобы: «Бұлай жасасаңдар табиғат рахмет айтады»деген белгілер жасапты.

(құстарға үйшік жасап, қарсы аламыз,қыстың күні құстарға жемшашарлар дайындаймыз

 

                                              Күтілетін нәтиже

Нені біледі: Құстардың түрлерін, аттарын, айырмашылығын,тіршілігін,мекенін,

жейтін қорегін білді.

Қандай түсініктерді игерді: Барлық құстар пайдалы екенін, оларды қорғау керектігін,олар табиғаттың бір бөлігі екенін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сұрақтарға жауап бере білуді, білгендерін мазмұндап айта білуге дағдыланды.Құстарға деген қамқорлық сезім

қалыптасты.

 


Просмотров: 1274
Дата создания: 23.05.2011
Дата редактирования: 30.10.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource